Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы мен Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның идеялық үндестігі туралы мәліметтер айтылып, ұлт үшін атқарған еңбектері туралы тереңірек мағұлматтар берілді. Дәрістің қонақтары – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, қоғам қайраткері, тіл жанашыры, Бәтташ Сыдықұлының баласы Нұрлан Бәтташұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Тоқтарұлы Шарипбаев, Әлихан Бөкейхан университетінің филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейітова Шынар Ботаевна және Әлихан Бөкейхан университетінің филология кафедрасының өкілдері . Дәріс 2016 жылы ашылған Бәтташ Сыдықұлы атындағы “Шешендік сөз өнері» орталығында өтті. Гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және 10-11-сынып оқушылары қатысты. Оқу бөлмесінің ашылу тарихынан бейнебаян көрсетілді. «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ-нің директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызы сөз кезегін алып, Бәтташ Сыдықұлы атындағы «Шешендік сөз өнері» орталығында жүргізіліп жатқан игі істерге тоқталып және жуық арада оқу бөлмесінің заманауи үлгіде қайта өңделгенін айтып өтті. Бүгінгі танымдық-дәрістің осы оқу бөлмесінде өтуіне ризашылық білдірді. «Абай және Әлихан: рухани үндестік» тақырыбындағы дәрісімен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы таныстырды.Дәрісте айтылған тың деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятып, тіпті 10-сынып оқушысы Төкенов Еділ осындай маңызды, қызықты мәліметтермен таныстырғаны үшін профессор ағасымен қол алысып, ризашылығын білдіріп, бірге фотоға түскісі келгенін де жасырмады. «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, бұл іс-шараның бүгінгі ұрпақ үшін терең мазмұнда ұйымдастырылып жатқанын Әлихан Бөкейхан университетінің профессоры Шынар Ботаевна және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев тілге тиек етті.Бәтташ Сыдықұлы атындағы «Шешендік сөз өнері» орталығының жаңадан жабдықталуына ұйтқы болған Нұрлан Бәтташұлы өткізіліп жатқан іс-шара бойынша өзінің лебізді пікірімен бөлісті.
Іс-шараның жүргізілу барысын ұйымдастырған:«Шешендік сөз өнері» орталығының жетекшісі Нургамысова Ш.М.

​​​

6 наурыз күні гимназиямызда Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуының мерейтойы аясында «Абай және Әлихан : рухани үндестік» атты танымдық-дәріс өтті.

Главная (вторая)

Ақпарат

ТВ-Видео

Күнтізбе

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

Дауыс береміз

Оцените наш школьный сайт

Главная (вторая)

Калиева Сара Сырымовна

Главная (вторая)

"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия" КММ

Гимназия ұжымы

Главная (вторая)

Досжанова Галия Аубакировна

Главная (вторая)

Садуакасова Гульназ Кажигалиевна

Директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Главная (вторая)

Иманбаева Бакыт Исабаевна

Гимназияның бас есепшісі

Главная (вторая)

Жумаксанова Гулназ Муратовна

Директорының бағдарлы оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Главная (вторая)

Кармысова Рыс Окметкановна

Директордың шетел тілдерін оқыту жөніндегі орынбасары

Главная (вторая)

Датбаева Нургуль Сериккалиевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Главная (вторая)

Турсумбаева Шынар Ахатовна

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Главная (вторая)

Ынтыкбекова Гулшат Капановна

Гимназия менеджері